Русский     English     Қазақша

Дорогу осилит идущий... Сайт Малика Флоберовича Муканова - художника по гобеленам

Өнер туралы

Мына сайтта Интернет жүйесінде виртуалды голереяның көмегімен  Сіз гобеленді қолмен тоқу техникасындағы менің авторлық жұмысыммен таныса аласыз.  Сонымен қатар, бұл сайтта менің әкем  – суретші-сценограф Муканов Флобер Темірғали ұлының еңбектері ретінде спектаклдерге қойылым эскиздері, авторлық географиялық беттер ұсынылды.  Оған қоса сайтта суретші-мүсінші Жамхан Айдар Жамхан ұлыда таныстырылады. Онымен бірге соавторлық құқықта туындаған гобелендер Қазақстанның қазіргі заманға сай  мүсінді-декоративті  туындыларының ауқымдысы  болып табылады.  Сайттың ақпаратты және қызықты болуы үшін гобеленнің туындауының әр деңгейін сурет материалдарымен ұсынылып отырмын.   

Қазіргі заманғы Қазақстандық гобелен – қызықты және болашағы зор көркем өнер туындылары болып табылады. Қазақстандағы көркемдеуші өнердің бірнеше онжылдықтың ішінде тез қалыптасуы мен дамуы ұлттық нақыштың жақсы екендігімен сипаттайды. Қолданбалы тігу, жүнмен тоқу,  кілем жасау өнерлері осы декоративті өнердің негізгі базасы болып отыр.  Қазақтық салт-дәстүріне бай декоративті-қолданбалы өнердің иегері ретінде гобелен Қазақстанның қазіргі заманғы көркемдеуші өнері арасында белгілі  өз орнын алды. 

Гобелен өнері басқа көркемдеуші өнерлерден көркем өнер тілінің декоративтілігімен, тоқу ерекшелігімен, түстерінің қанық, әрі молдығымен, қолмен тоқу ерекшелігімен өзгешеленеді. Ал оның туындауы жалғыз, аса үлкен еңбекпен, әрі ұзақ уақыт аралығындағы төзімділікпен туындайтын өнер.  Бірақ, өкінішке орай осы жағдай көзге ілінбей көп жағдайда қолмен тоқу өнерінің ерекшелігіне жалған пікір туғызып жатады. Осы өнердің шынымен де қолмен тоқылғаны рас болса, онда бұл туынды еш күмәнсіз «көркем өнер» құндылығы болып табылады.

Осындай гобелендер – өз деңгейінше және туындау принципі бойынша архаикалық, авторлық концепцияның анықтаусыз, көркем өнер образдық жүйесін өз бойында көрсетпейтін және осы жалғыз туындама үшін  автордың  ізденіс ықпалы жоқ, негізгі анық бір тақырыпқа сай, өздігінен туындаған зат бойынша ерекшеленген, бірақ, қазіргі заманғы көркем мәдениетіне ұқсамайтын туынды болып табылады. 

Суретшінің жолы ретінде әр суретші өз еңбегіне осы сипатқа қарама-қарсы пікірмен қарау керек деп санаймын, суретші тұйық ойға толы, іштей мақсатты, әрі шынайы өнер тудырушысы сезімінің жауапкершілігі болуы тиіс. Осы жолда гобеленнің декоративті-символдың көркем өнер тілін пайдалана отырып, талмай жаңа техналогиялы әдістерді іздеу, қазіргі заманғы эстетиканың жаны ретінде ерекше көркем өнер стильінің шешімдерін тауып, сонымен қатар қызықты әрі есте қаларлық образдар тауып, соны қазақтың ұлттық ерекшелігін сипаттайтын философиялы-этнографиялық және қазақ халқының тарихи аспектілерін, тұрмыс-салтын, қазіргісі мен ертеңгі күнін сипаттау керек.

   Мұқанов Малик


                       

Галерея

Өнер туралы

Өмірбаян

Әріптестер

Байланысулар