Русский     English     Қазақша

Дорогу осилит идущий... Сайт Малика Флоберовича Муканова - художника по гобеленам

Өмірбаян

Мұқанов Мәлік Флобер ұлы, Ресей мемлекетінің Алтай өлкесі, Таулы-Алтай қаласында 1979 жылы 7 қыркүйек күні  дүниеге келді.

1987 жылы Алматы қаласының Н.В.Гоголь атындағы Көркем  өнер училищесіне түсіп, 1991 жылы Театр суретшісі мамандығы бойынша оқуын аяқтайды.

1991 жылы Алматы қаласындағы Т. Жургенов атындағы  Мемлекеттік сурет өнері және театр институтының «Мүсін кескіндеме» бөліміне оқуға түсіп, 1996 жылы  суретші-кескіндеме мамандығы бойынша оқуын аяқтайды. Дипломдық жобасын қорғау кезінде «Көшпенділер әлемі»  атты гобелендер бөлімін орындады.  

1996 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ Мемлекеттік «Киім дизайны және сурет текстилі» кафедрасында мұғалім болып қызмет істеді..

2001 жыл мен 2004 жыл аралығында Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясында аспирантурада оқып, «Заманауи қазақстандық гобеленнің өнері» атты диссертациялық жұмысымен аяқтайды.  

1999 жылының қыркүйек айынан бастап осы уакытка дейін Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясындағы «Кескіндеме» каферасында  «Мүсін кескіндемесі» мамандығы бойынша мұғалім болып қызмет істейді.

1993-1997
жылы оқумен қатар суретшілер Сауле және Алибай Бапановтар шеберханасында жұмыс істеді, жұмыс істеу барысында гобеленді қолмен тоқу техникасын меңгерді.

1997-2008 жылы Ешкенов Г.А-ның басқаруымен сурет-мүсін тобының құрамында болып, Алматы, Астана, Қарағанды, Атырау, Павладар,  Қостанай облысының Қарабалық аудандық орталығында, сонымен қатар Астана қаласының Исламдық орталығында  мешіттің интерьерін көркем безендіруге қатысты.

2003 жылы Жамхан А. Ж-пен біріге отырып Атырау қаласының  «КазТенгизШевройл» бас офисін безендіруге көлемі 205те 410см. болатын  «Туранская эпоха» атты панно-гобеленді жасады.  

2005 жылы Сулейменов Т.О-ның басқаруымен мүсін суретшілер тобының құрамында болып  Петропавл қаласының орталық  мешітінің интерьерін көркем безендіруіге қатысты.

1995 жылдан бастап  көрсетілім көрмелеріне қатысты. 1995 жыл мен  2000 жыл аралығында Қазақстан Республикасының «Жігер» атты жас суретшілерге арналған  жыл сайын Алматы қаласында өткізілетін байқауына қатысты.  

2000-2004 жыл аралығында Астана қаласында жыл сайын өткізілетін «Шабыт» атты жастардың творчествалық байқауына қатысты. Сонымен қатар, халықаралық, Республикалық көрме қойылымдарына ат салысты.  

1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жастардың бірігуінің мүшесі болды. Ал, 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жас Суретшілер Одағының мүшесі болып тағайындалды.   

2004 жылы және 2005 жылы Толепбай Е-нің басқаруымен Жамхан А.Ж-пен соавторлық бірігуде Астана қаласының Жоғарғы Соттың ғимаратына және ҚР президентінің Резиденциясы «Ак орда»-ға арнап «Менің туған елм – Қазақстан» атты мүсіндік-декоративті   панно-гобелен бөлімін жасап шығарды.

Қазақстан Республикасының заманауи бейнелеу өнерінің дамуына өз үлесін қосқаны үшін мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері болды.

2006 жылдан Кекусиндық каратенің Ұлттық Академиясындағы қара белдікті, 3дан иегері доджо сансеи Харитонов Д.Л-та қолданбалы каратемен шұғылдандым. Қазіргі уақытта сары белдік,  6 кюдің иегерімін.  

2009 жылы Алматы қаласында Ш. Айманов атындағы  «Казахфильм» киностудиясында  өткізілген «Толықметражды анимациялық фильм» номинациясынан 1-ші орынды және «Анимационды сериал» номинациясынан 3-ші орынды алды.

2010 жылы Алматы станциясы  «Абай» метрополитенінің интерьерін көркем бейнелеуіне Ешкенов Г. және Жамхан А-мен соавторлық құқықта мүсінді-декоративті  панноны жасады.
2010 жылы Астана қаласындағы «ҚазақстанТемірЖолы» бас кеңсесінің конференс залына  Жамхан А. және Сулейменов М. бірге мүсінді-декоративті гобеленнің еңбегіне қатысты. Әр гобеленнің көлемі  3х12м.
2010 жылдың желтоқсан айында Б. Кабулова атындағы  Алматы Федерация Шинкиокушинкай каратеде бұл спортпен айналысуды ұнататын салмақтық деңгейі  – 75 кг дейін, жасы 35 жас пен одан жоғары, еркін қатысушылардың арасындағы сайыста  2-ші орынды иелендім.

Сол жылы Алматы станциясы «Райымбек» және «Алатау» метрополитенінің интерьерін  қолмен іске асырылатын мозаикамен мүсін-декоративті панноны жасады. Ешкенов Г. және Жамхан А-ның авторлық қадағалауымен.

Алматы қаласында Муканов Флобер Темиргали ұлының көркем өнер шеберханасында жұмыс істеймін.

Түйіндеме

Творчестволық табыстар

С.А.Шкляеваның мақаласы

Галерея

Өнер туралы

Өмірбаян

Әріптестер

Байланысулар